«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында «Нұра» ауданының жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында шаңғы жарысы өтті.
Жарыс Астана қаласының Орталық саябағындағы шаңғы-роллер трассасында ұйымдастырылды. Оған мұғалімдер келесі жас санаттары бойынша қатысты: 29 жасқа дейін, 30–39 жас, 40–49 жас және 50 жастан жоғары.
Жалпы 9 мектептен 53 мұғалім бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
III орын — №110 орта мектебі
Кожина Жайнар Бекдауловна 20-29 жас
1- орын
Тубирова Айгерим Ерболовна 30-39 жас
2-орын
Асқар Анарбек 20-39 жас 2 — орын
Малшиева Баяна Алибековна 20-29 жас
3 — орын
Майра Анис 30-39 жас 3 -орын
Аталған жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталып, педагогтердің белсенді өмірлік ұстанымы мен спортқа деген сүйіспеншілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
